Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасын қабылдады

13.06.2022

Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасын да қабылдады. Болат Жәмішев қордың азаматтарға көрсеткен көмегі бойынша есеп беріп, қайырымдылық қызметті ұйымдастыру туралы айтты. Қазіргі таңда «Қазақстан халқына» қоры, медициналық көмек көрсету, ауыл балалары үшін спорт саласындағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға жәремдесіп отыр. Сондай-ақ, ауылдан шыққан талапкерлер мен аз қамтылған отбасылардың студент балаларына, білім гранттарын беру бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев қордың мақсатты бағыттарын анықтауға, қоғам мен қоғамдық институттарды белсенді түрде тарту қажеттігін атап өтті.  

Хабарламаларға жазылу