Жамбыл облысында тағы да қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында тағы да қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

14.06.2022

Қаңтарда қолды болған қаруларды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып келеді. Полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ дәрілердің бір бөлігін Тараз қаласы орталық көшелердің біріндегі гараждың артынан тапты. Атап айтсақ, «ПМ», револьвер тапаншалары, мылтық және жарық-шу гранатасы мен 2 000 данадан астам патрондар табылған. Бұдан бөлек 5 маусым күні облыста тағы бірнеше қару мен түрлі патрон табылды. Қазір оларға қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Хабарламаларға жазылу