Маңғыстаудағы мұнай кен орнынан өрт шығып, бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы мұнай кен орнынан өрт шығып, бір адам қайтыс болды

15.06.2022

Маңғыстаудағы мұнай кен орнындарының бірінен өрт шығып, бір жұмысшы жан тапсырды. Оқиға Жаңаөзеннен 40 шақырым жердегі кеніште 15 маусымға қараған түні болған. Ұңғымамен жұмыс кезінде кенеттен көтергіш құрылғы тұтанған. Жалын 1 сағатта өшірілді. Өрт болған жерден 1977 жылы туған машинистің денесі табылды. Қайғылы жайттың мән-жайы анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу