Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

15.06.2022

Жамбыл облысында бірден 14 көлік соқтығысты. Бірнеше көлік өртке оранып, оншақты адам зардап шекті. Бір адам қаза тапқан.

Оқиға бүгін түнгі үштер шамасында болған. Алматы-Ташкент тас жолының 545-ші шақырымында, Тараз қаласына келе жатқан жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, жолда кептеліс туындайды. Арада жарты сағат өткенде «ДАФ» жүк көлігі жолда тоқтап тұрған көліктерге келіп соғылған. Соның салдарынан тағы екі жолаушылар автобусы мен бір жеңіл көлік өртке оранған. Қоғамдық көліктерде 90 адам болған.Оқиға орнында 1 адам қаза тауып, зардап шеккен 12 жолаушы ауруханаға жеткізілді, оның үшеуі Өзбекстан азаматы. Төрт жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр.

Апат салдарынан 14 көлік зақымданып, 3-і өртеніп кеткен. Ал, полиция қызметінің ресми ақпаратына сүйенсек, тіркемесі өртенген жүк көлігі айналма жолмен емес, «Күйік» асуындағы ауыр салмақты көліктерге тыйым салынған жолмен жүріп, ереже бұзған.

Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық Полиция департаменті баспасөз хатшысы:
Жол көлік оқиғасы нәтижесінде «Тайота камри» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-ші бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Хабарламаларға жазылу