Елордада тамақтан уланғандар саны 98 адамға жетті. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Бүгін тағы 7 адамның астан уланғандығы анықталды.
9-10 маусымда бас қалада тағамнан уланғандар туралы хабар тараған болатын. Барлығы шаһардағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде ас қабылдаған. Сол кезде 64 адам медициналық көмекке жүгінген еді. Оның 52-сі ауруханаға жатқызылса, 12-сі амбулаториялық ем алып жатқан.