Теміртаудағы жылу электр орталығында тағы бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы жылу электр орталығында тағы бір адам қайтыс болды

16.06.2022

Теміртаудағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясынына тиесілі жылу электр орталығында тағы бір адам мерт болды.

36 жастағы қызметкер монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде биіктен құлап, ауыр жарақат салдарынан сол жерде көз жұмды. Қазір осы жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Металлургиялық комбинатта 6 күн бұрын ғана осындай қайғылы оқиға тіркелген. Жұмысшылар комбинаттағы цехтардың бірінде ескі пешті бұзып жатқанда төбесі ортасына опырылып түскен. Үйінді астында қалған 5 адамның 4-і сол жерде жан тәсілім етті. Ал бір адам ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның өміріне еш қауіп жоқ.

Жалпы, өткен жылы осы компанияға қарасты кәсіпорындарда 45 адам зардап шегіп, 9 адам көз жұмған.

Хабарламаларға жазылу