Тараздағы «125 High School» жекеменшік мектебін 71 оқушы алтын белгімен аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздағы «125 High School» жекеменшік мектебін 71 оқушы алтын белгімен аяқтады

16.06.2022

Таразда білімді брендке айналдырған «125 High School» жекеменшік мектебін 71 оқушы алтын белгімен аяқтады. Жалпы шахарда жаңа өмірге қадам басқан мыңнан астам түлекке бүгін аттестат тапсырылып, үздік оқушылар арнайы марапатталды.

Биылғы оқу жылында 125 High school мектептер желісін Тараз қаласынан 1002 оқушы бітірді. Сондай ақ Орал, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында 2624 түлек аяқтады. Білімді брендке, тәрбиені трендке айналдырған мектептен Қазақстан бойынша 233 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері атанған. Тараз қаласы бойынша бүгінгі шарада оқуда озат болған 71 оқушыға «Алтын белгі» табысталып, атестаттар берілді. Солардың бірі Сабина Қылышбек. Республикалық олимпидалардың жеңімпазы. Енді жоғары білім алып, білікті маман болсам дейді, ол

Сабина Қылышбек, «Алтын белгі» иегері:

Жалпы мен бұл мектепте оқығаныма 1 жыл болды. Бұл мектептің басқа мектептерден ерекшелігі, үздік ұстаздар, тамаша атмосфера. Барлық оқушылар үздік нәтижеге жетуге әрдайым талпынады. Мұғалімдердің де беретін қолдаулары өте тамаша.

125 High school алғаш 2011 жылы оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын орталық болып құрылған. 10 жылда мыңдаған оқушы еліміздің ғана емес, шетелдегі таңдаулы оқу орындарына грантқа түскен. Оның негізі білім берудегі жаңашылдық пен сапалы кадрда дейді, мектеп құрылтайшысы.

Әлібек Есенов, «125 high school » мектептерінің құрылтайшысы:

Біздің мектептердің ерекшеліктері көп жерде маман жетіспейді ғой. Біз мамандарды 11 сынып бітіргеннен кейін, жас мамандарды 4 университетте оқытып, өзімізге жұмысқа алып қаламыз. Ерекшелік осыда. Мектептер көптеп ашылып жатқанымен маман жетіспейді. Біз сол мамандардың арқасында қазіргі таңда 3 жылда 13 мектеп аштық. 10-11 сыныптарды оқытамыз.

Бүгінде қазақстан бойынша дәл осындай 13 мектеп бар. Тағы 7-і ашылады деп жоспарланып отыр. Былтырғы көрсеткіш бойынша мектептер желісі түлектерінің 98% -ы мемлекеттік және шет елдік жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері атанды. Мұнан өзге көршілес елдегі Ташкент қаласынан да білім ордасы ашылған

Нұрдос Болатұлы


Хабарламаларға жазылу