Шымкентте биыл жаңадан 13 емдеу мекемесі іске қосылды. Бұл халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін анағұрлым арттырды. Сондай-ақ балалар жылына орай клиникалық аурухана жанынан бірнеше бөлімше ашылып отыр.
Шымкентте онкологиялық ауруларды емдеу ісінде көптеген жаңашылдық бар. Орталық биыл эндо-видео лапороскопиялық қондырғылармен жабдықталды. Енді дәрігерлер қатерлі ісікті бұрынғыдай денені тіліп, кесіп алмайды. Науқастарға сәулелік, таргентті, химия-терапиялық және гармонды емдер де қатар жүргізеді.
Аққали Маймақов, Онкологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі:
Науқастың тез айығып кетуіне, ауруханада көп жатпауына мүмкіндік береді. Және көп ауырмайды. Бұл әлемдегі соңғы жетістіктер. Біз сол әдіспен оталарды бастап жасап жатырмыз.
«Балалар жылына орай» нейрохирургиялық, күйік, урологиялық және оңалту бөлімшелері ашылды. Сондай-ақ «орфандық» аурулары бар 36 баланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қазынадан 1,5 млрд. теңге бөлінді. Соңғы екі жылда емдеу мекемелерін замани озық құралдармен жабдықтаудың арқасында ауруханалардың техникамен жарақтандырылуы 77 пайызға жетті.
Нұрлыбек Асылбеков, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
КТЛ-ар, ПЭТ-тер бар. кейінгі кезде көбейді. Одан бөлек жедел жәрдемдегі 100-ден аса автокөліктің бәрі жарақтандырылды.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Шымкентте салтанатты жиын өтіп, онда үздіктер марапатталды. Оларға «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» және қала әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.
Ғани Қалмаханов