Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жетті

16.06.2022

Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жетті, оның 9-ы ауруханада жатыр. Олар шаһардағы фаст-фуд әзірлейтін дүңгіршектен тауық етінен жасалған донер жеген. Инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындарың ішінде 1 жасар сәби де бар. Дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа деп отыр. Осы оқиға бойынша қалалық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, кәсіпкерлік нысан өз жұмысын уақытша тоқтатты.

Әлия Бекешева, Облыстық санитарлық эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары:

Қазір он адамның тоғызы инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайлары бір қалыпты. Барлығында да қызу болған. 40-қа дейін барған. Іш өту дейміз, сондай сипмтомдары болған.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу