Украинаға сапармен барған Германия, Франция және Италия елдерінің көшбасшылары Украинаға Еуроодаққа қосылу үшін үміткер мәртебесін беруді қолдады. Шольц, Макрон мен Марио Драги бұл ұстанымдарын бейсенбіде Киевке жасаған сапарында білдірді.
Бүгін Еурокомиссия Украинаға кандидат мәртебесін беру жайын талқылайды. Бұл мәселе маусымның 24-де өтетін Еуроодақтың саммитінде түпкілікті қаралуы тиіс.
Мәскеу бұған қатысты пікірін білдірді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөзінше, бұл қадам Еуроодақ кандидаттарға қатысты өз критерийлерін елемей, тек геосаяси себептерді негізге алуға дайын екенін көрсетеді.