Пышақпен қорқытқан: Ақмолада тұрғынға несие алдырған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пышақпен қорқытқан: Ақмолада тұрғынға несие алдырған күдікті ұсталды

17.06.2022

Ақмола облысы Щучинск қаласының тұрғынын қорқытып несие рәсімдеген күдікті ұсталды.

Ол жәбірленушіге пышақ тақап, ұялы телефоны арқылы 170 мың теңге көлемінде онлайн несие алдыртқан. Зардап шеккен адам бірден полиция бөліміне хабарласады. Жедел іздестіру нәтижесінде Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны қолға түсті. Одан пышақ пен жәбірленушінің жеке құжаты тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабарламаларға жазылу