Қытайдағы нөсер жауын келесі аптаға дейін жалғасуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы нөсер жауын келесі аптаға дейін жалғасуы мүмкін

17.06.2022

Қытайдың оңтүстік бөліктерінде нөсер жауын жауып, алапат тасқын жүрді.

Кейбір аудандарды лай көшкіні жүріп, жолдар жабылған. Фуцзянь провинциясында 63 мың тұрғын эвакуацияланды. Балабақшалар мен мектептер уақытша жұмысын тоқтатты.

Ауа-райын бақылаушылардың болжамынша, өңірде күшті нөсер келесі аптаға дейін тоқтамауы мүмкін. Жағдайды бақылауда ұстау үшін үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Олар су тасқынын болдырмау үшін шаралар қабылдап жатыр.


Хабарламаларға жазылу