Депутаттардың 30 пайызын әйелдер мен жастар құрауы керек – вице-министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттардың 30 пайызын әйелдер мен жастар құрауы керек – вице-министр

17.06.2022

Мәжіліске енетін партияларға арнайы квоталар бөлінеді. Тек олардың қатарындағы депутаттардың 30 пайызын әйелдер мен жастар құрауы керек.

«Бұл елімізде аталған қос тарапға деген нық сенімнің нышаны», - деді өңірлік саммиттің кезекті семинарына қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму вице министрі.

Александр Даниловтың сөзінше, Қазақстанда жасына, жынысына қарамастан, азаматтар тең құқылы. Алматыда өтіп жатқан халықаралық жиын Орта Азиядағы әйелдер мен жастардың құқықтарын қорғау мәселесіне арналды. Басқосуда Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісті. Аталған елдердегі мемлекеттік қызметте, бизнес, әлеуметтік салада әйелдер мен жастардың рөлі басым.

Александр Данилов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

Бұл өте өзекті мәселе. Біздің елде әйелдер мен жастардың құқығын қорғауға және олардың дамуына мүмкіндік беретін заңдар бар. Одан қалды түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі «Жас проджект» бағдарламасы. Оның аясында жастар өз жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен қаржы ала алады.

Хуршедай Кодир, Тәжікстан республикасы әйелдер ісі және жастар кәсіпкерлігі жөніндегі жұмыс тобының төрайымы:

Бұл пандемиядан кейінгі халықаралық дәрежеде өтіп отырған ең ауқымды шаралардың бірі болды. Осындай алаңда әйелдер мен жастардың құқығы жөніндегі мәселені көтеруіміз өте орынды деп ойлаймын. Әріптестеріміз бен аталған бағатта тәжірибе алмасып жатырмыз.

Хабарламаларға жазылу