Ресейден 15 мыңдай миллионер кетуге әрекет жасап жатыр. Мұны Британия қорғаныс министрлігі хабарлады.
Оның дерегінше, бизнес пен олигархтардың шет шетелдерге жаппай қоныс аударуы Ресейдің Украинаға әскер кіргізуінен зардап шеккен экономикасына одан сайын ұзақ мерзімдік зардап әкелуі мүмкін.
Мәскеу Украинаны қарусыздандырып, «ұлтшылдардан» тазартамыз деп оған ақпанның 24-де шабуыл жасай бастады. Алайда, Киев пен Батыстың мәлімдеуінше, Кремль көрші мемлекетке «себепсіз соғыс» ашып отыр.