Елорда іргесіндегі Қараөткел ауылында қаңғыбас иттер қаптап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда іргесіндегі Қараөткел ауылында қаңғыбас иттер қаптап жүр

17.06.2022

Елорда іргесіндегі Қараөткел ауылында қаңғыбас иттер қаптап жүр. Иесіз иттер баланы қойып, үлкендерге тап беретін болған. Наразы жұрт көшеге шығудан қалдық деп отыр.

Мына келіншектің 10 жастағы ұлы бір ажалдан аман қалды. Жуырда мектептен келе жатып , бір топ ит талап тастаған.

Ауыл тұрғыны:

Біз оны бірден ауруханаға жеткіздік. Иттер қолы мен аяғын тістеп тастапты. Бірден балама вакцина салды. Қазір ұлымда дене жарақаты ғана емес, психологиялық шок алды. Көшеге шығуға қорқады.

Мынадай қаңғыбас иттер ауыл ауланы тіміскілеп, тұрғындарға тыныштық бермейді. Ауылдағылар кезбе иттен ауру жұға ма деп те алаңдайды. Қорқып қалған балалар көшеде еркін жүре алмайды. Бұралқы иттер баланы қойып, үлкендердің де әбден зәресін алып бітт. Жуырда 65 жастағы қарияны он

Динара Әбдірахманова, ауыл тұрғыны:

Балаларымыз не далаға шыға алмайды. Қазір жаз кезі ойнайтын кездері. Тығылып отырмыз үйде. 01.34: Осы Құрманғазы көшесінде тұрады, үлкен кісі. 1 жеті болды қапқанына, больницаға қалаға барады. Бізде автобус жоқ. Күнде таңертең 9-да таксиге отырып, 40 күн больницаға баруы керек укол салғызу үшін.

Биыл көше кезген иттердің саны күрт көбейген. Жыл сайын оларды аулап, ату жұмыстары жүргізіліп келген еді. Осы жылы жануарларды қорғау туралы жаңа заңға сәйкес оған тыйым салынды. Енді тек иттен ауру анықталса ғана атуға болады.

Жасұлан Ершаев, ауыл тұрғыны:

Заңды алдын-ала қабылдау үшін соларға жағдай істеу керек еді. Адамға кесірі тиген соң, адам өлген соң ғана қозғаламыз. Бұқара халық көтерілгенде ғана олар қозғала бастайды.

Тұрғындардың шағымын тыңдау үшін мәслихат депутаты Мәриям Әбішова келді. Оның сөзінше қаңғыбас иттерді ветеринарлық қызмет өкілдері алып кетіп, қажетті шара қолдануы тиіс. Алайда тұрғындар өңірде ондай қызметтің жоқ екенін айтты.

Мәриям Әбішова, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты:

Әкімдіктегілермен бұл мәселе жөнінде сөйлестік. Қазір оларға арнайы жер телімін бөлуді қарастырып жатыр. Тәжірибесі мол ЗОО қорғаныс ұйымдарын іздеуде. Қаңғыбас иттерге арналған арнайы орынды басқару үшін де мол тәжірибелі мамандар тауып, мәселені тез арада шешуге тырысамыз.

Келер жылы иттерді чиптеу жөнінде арнайы заң енгізілмек. Бұл олардың иесін тез табуға мүмкіндік береді. Ал бүгінгі мәселені түбегейлі шешуге кемі екі-үш ай уақыт керек, -дейді депутат. Оған дейін Жаздың жайма шуақ күні өтіп, балалар жайлы демалысты сезініп үлгермейтін тәрізді. Өйткені, қараусыз иттен қауіп көп. Жуырда, Ақтөбеде 12 жастағы бала осындай қаңғыбас иттердің кесірінен жазым болғаны белгілі.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу