Еурокомиссия Украина мен Молдованы Еуроодаққа өтуге кандидат ретінде тануға ұсыныс жасады. Ал, Грузияға мұндай мәртебе беру үшін Тбилиси бірқатар шарттарға сәйкес келуі керек. Бұны бірер сағат бұрын аталған комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен айтты. Оның мәлімдеуінше, украиналықтар еуропаның болашағы үшін "жанын беруге дайын" екенін дәлелдеді. Айта кетейік, Украинаның одаққа қабылдануын Германия, Франция, Италия тәрізді елдер құптап отыр. Кей бақылаушылардың пікірінше, одақ елдерінің басшылары бұл идеяны бірауыздан мақұлдаса, бұл мемлекетке үлкен моральдық қолдау көрсеткен болып саналады.
Арыстан Рысбек