«Altyn Shipager»: Медицина саласының үздіктері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Altyn Shipager»: Медицина саласының үздіктері марапатталды

18.06.2022

«Altyn Shipager» ұлттық медициналық жүлдесінің жеңімпаздары белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған жоба 2 жылдық үзілістен кейін өткізіліп отыр. Оған екі мыңдай медицина өкілі қатысты.

Биылғы шараның ерекшелігі, осыған дейін тек дәрігерлер марапатталса, бұл жолы олардың қатарына үздік медициналық ұйымдар қосылды. Жалпы, номинация саны - 12. Байқау облыс, қалалармен қатар, аудандық ауруханаларды да қамтыған.

Батырхан Сарымсақов, ҚР ДСМ Vедициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы:

Жеңімпаздарды анықтау мақсатында біздер индикаторларды әзірледік. Ол индикатор бойынша 17 аймақтан үздік деген ұйымдарды анықтадық. Әр аймақ өзінің аймақ деңгейінде біздің әзірленген индикатор бойынша осы ұйымдарды бағалап, ең үздік дегендерін бізге ұсынады. Біздің республикалық комиссия осы бір номицнация бойынша 17 үміткердің ішінен үшеуі таңдап алды.

Кәсіби мерекеге саланың өркендеуіне қосқан үлесі үшін түрлі наградалар табысталды. 253 адам «Еңбек Ері» атанды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен 565, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» 569 медицина қызметкері марапатталды. Олардың арасында Алматыдағы Ұлттық хирургия орталығының дәрігері Талғат Демеуов те бар. Ол бүгін «Құрмет» орденін алды.

Талғат Демеуов, Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығының дәрігері:

Сезім өте керемет, қуаныштымын. Барлық Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлері күнімен барлық өз әріптестерімді құттықтаймын. Оларға бірінші денсаулық тілеймін. Отбасыларына амандық, жұмыстарына жеміс тілеймін.

Хабарламаларға жазылу