Украинада әскери жанжал ұзақ жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан Батыс Киевке көмектесуді әрі қарай жалғастыруға тиіс. Мұны НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.
Британ премьер-министрі Борис Джонсон да Украинадағы қарулы қақтығыстың ұзақ мерзімдік екенін ескертті.
Айта кетсек, Киевті ала алмаған Ресей армиясының қазіргі мақсаты - Донбассты толық жаулау. Бүгінде негізгі шайқас Луганск облысында Мәскеудің бақылауына өтпеген соңғы екі қала – Северодонецк пен Лисичанск үшін жүріп жатыр. Украина күштері Батыстың қаруымен ресейліктердің қолына өткен барлық территорияларды қайтаруға уәде беріп отыр.
Ақпанның 24-нен бері Ресей Херсон облысын түгелдей және Запорожье аймағының айтарлықтай бөлігін басып алып, қазір Харьковка қайта жақындауға әрекет жасап жатыр.