Шымкенттің республикалық маңыздағы дербес қала мәртебесіне ие болғанына 4 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттің республикалық маңыздағы дербес қала мәртебесіне ие болғанына 4 жыл толды

20.06.2022

Шымкенттің республикалық маңыздағы дербес қала мәртебесіне ие болғанына 4 жыл толды. Осы мерзім ішінде шаһардың өнеркәсіп әлеуеті 60 пайызға артып, халық саны 120 мың тұрынға көбейген. Қала күні меркесіне орай Шымкентте «Шарықтай бер, Шымқалам» деп аталатын мерекелік кеш өтті.

Шымкент бүгінде мәдениет пен руханияттың да ордасына айналып келеді. Өнер әлемінде жұлдызыға айналған көптен талант осы топырақтан түлеп ұшқан. «Бала дауысы» байқауында жеңімпаз болған Саян Темірхан мен Сағын Өмірбайұлы солардың ізін жалғап келе жатқан өнерлі өрендер.

Саян Темірхан «Бала дауысы» байқауының жеңімпазы:

Бүгінгі Шымқаланың мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Шым қала дами берсін. Өркендей берсін. Шымкентте тұрғаныма өте қуаныштымын!

2 мың 200 жылдық тарихқа ие Шымкент бүгінде еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан аймақ саналады. Шаһар жастардың қаласына айналды. Бүгінде тұрғындарының орта жасы - 28. Мегаполис атанған 4 жылдың ішінде қалада кәсіпкерлік субьектілерінің 30 пайызға артқан болса, олардың шығарған өнімдері биыл 1 триллион теңгеден асып жығылған.

Заттыбек Көпболсынұлы, әнші:

Қаламыз өсіп, өніп дамып, жарқырап, жайнап келе жатыр. Бізді қуантады. Біздің азғантай да болса қаланың мәдениет імен өнеріне үлес қосып жатсақ, ол үлкен жеңісіміз.

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысқан концерт мерекенің көрігін қыздыра түсті. Кеш барысында шаһар тарихына қатысты сұрақтар қойылып, естеліктер айтылды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу