Бұл туралы облыстық прокуратура қызметкерлері мәлім етті. Тексеру қорытындысы бойынша 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы біріне әкімшілік жаза тағайындалды.
Кәсіпкерлерге қатысты заңбұзушылықтар бизнес өкілдерін уақытылы ақпараттандырмау салдарынан болған. Уәкілетті органдар алдын ала ешқандай ескертулер жасамаған.
Тексертулер барысында елде тіркелмеген компанияның есепшотына ақша аударылғаны да әшкере болды.
Нәтижесінде мемлекет қазынасына 700 миллион теңге көлемінде салық түспей қалған.
Ермек ЕЛБЕРГЕН