Алматы қаласының ревизиялық комиссиясы 52 нысанда 18 аудиторлық іс-шара жүргізіп бірқатар заңбұзушылықтар анықтады.
Ревизиялық комиссия төрағасы Алтай Бердіқұловтың мәлімдеуінше, мекемелерді тексеріс барасында 120 млрд теңгенің игерілмегені анықталған. Бұл мемлекеттік актив пен бюджет есебінен бөлінген қаржы. Әзірге аталған соманың 5 млрды ғана қазынаға қайтарылған.
Заңға қайшы әрекет жасалған 30 адам ұсталып, оларға 8 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды. Күдікке іліккендердің қатарында 20 заңды тұлға бар. Жалпы, 34 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда Алматы метрополитені, “Алматы қала жарық” компаниясы, “Қалалық полиция департаменті” және “Құрылыс басқармасына” қатысты 5 материал тиісті органдарға жолданып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.