Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде бас есепші 90 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері мұны тергеу барысында әшкереледі.Яғни бас есепші 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамыр айына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз ақша аударымдарын жасаған. Қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын көлемі 88 миллион теңге. Қазір оның 13 миллион теңгесі өтелді.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Негізсіз соммаларды өз шотына, есепші, директордың орынбасары, екі тазалықшы және мекеменің оқытушысына аударып отырғаны анықталды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Руслан Нұрланұлы