Соңғы 4 жылда елімізде шегірткенің таралу аймағы 2 есе азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 4 жылда елімізде шегірткенің таралу аймағы 2 есе азайды

21.06.2022

Соңғы 4 жылда елімізде шегірткенің таралу аймағы 2 есе азайды. Биыл зиянкестер тараған алқаптың ауданы 970 мың гектар. Бұны Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Биыл зиянкестердің таралу қаупі бойынша Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Алғашқы үштікте Қостанай, Батыс Қазақстан аймақтары бар. Дегенмен, шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстары уақытылы жүргізіліп, алдын алу шаралары кестеге сай жүзеге асқан. Оған биыл республикалық бюджеттен 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Алмабек Марс, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы:

Республика бойынша 760 мың гектар өңдесек, соның тек бір ауданда Ақтөбе облысы, Айтеке би ауданында 211 мың гектар өңдейміз. Бұл үлкен жұмыс. Ол жерге қазір 40-тың үстінде техника апардық. 4 топ химилық өңдеу препараттарын апардық. Осы облысқа біз қатты көңіл бөлудеміз.

35 мың дана гүл жойылды

Өсімдіктер карантині саласында да бақылау күшейтіліп, жұмыстар ширап келеді. Жыл басынан бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптарды бұзған экспорттаушы елдерге 165 ескерту жасалған. Мысалы, Литвадан жеткізілген гүлдерден «Батыс гүлі трипсі» анықталып, 35 мың дана хризонтема мен раушан гүлі тәркіленіп, жойылды. Сонымен қатар, Нидерландыдан әкелінген 40 тонна сәбіз тұқымынан «Зебра чип» ауруы анықталған. Импорттық жүк жойылды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу