Ақмола облысының Есіл ауданында құрылыс нысанында жұмысшыны тоқ соғып, көз жұмған. Ол 33 жастағы Көкшетау тұрғыны болып шықты. Бұл деректі полиция бөлімшесіне жедел жәрдем қызметкерлері хабарлаған. Жұмысшы бетон араластыратын машинаны тазалау кезінде тоққа түскен. Ол оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің «қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.