Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі тасымалдауға итермеледі делінген нигериялық Қазақстанға жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрілігінің өкілдері мәлімдеді.
Халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне 20-шы маусымда Нигерияда ұсталды. Оны қамауға алу және Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдау үшін материалдар Интерполдың Нигерия ұлттық орталық бюросына жолданды.
Еске салайық, есірткі тасымалдағаны үшін сотталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайды Қытай тарапы Қазақстанға жіберуден бас тартып отыр.