Бүгін әлемнің қаржы орталықтарының бірі – Гонконгта аптап ыстық пен ылғалды ауа райынан 20 мыңдай үй шаруашылығы жарықсыз қалды. «Си-эл-пи Рауэр» компаниясының хабарлауынша, кабельдердің бірі өртенгенде 160 мың тұтынушыға электр қуаты жеткізілмеген. Қазір энергия жүйесі қалпына келтіріліп жатыр.
Жергілікті білім бюросының мәлімдеуінше, жарық берілмегендіктен, ондаған мектеп сабақты тоқтатуға мәжбүр болған. Гонконг әкімшілігі болса, қолайсыз ауа райы кезінде кабельдің жануына байланысты тергеу жүргізуді талап етіп отыр.