«АртСпорт» бағдарламасының жабылуына еш негіз жоқ. Осы уақытқа дейін мақұлданған ваучерлер толық төленеді. Мәдениет және спорт министрі жоба аясында 500 000-ға жуық бала тегін үйірмелерге барып жүргенін айтты.
Биыл бағдарламаға қазынадан 123,7 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Оның ауқымын кеңейту үшін кейбір талаптар өзгермек.
Мәселен, спорт секцияларының саны 71-ден 30-ға, шығармашылық үйірмелер 59-дан 30-ға қысқарады. Сонымен қатар енді бір бала тек бір үйірмені таңдай алады.
Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Жаңа нормаларға сәйкес, оқытушылар мен жаттықтырушылардың санатына қойылатын талап күшейтілді, әкімшіліктердің өтініштерді қарау мерзімі ұзартылды, сапаны бақылауға және қаржының мақсатты игерілуіне электронды және жалпыға қолжетімді форматта мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді.