Маңғыстау облысындағы ең үлкен жылыжайда 50 тонна өнім жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысындағы ең үлкен жылыжайда 50 тонна өнім жиналды

22.06.2022

Маңғыстау облысындағы ең үлкен жылыжайда қызынақ өсіріледі. Бұл жерден күніне 2 тонна өнім жиналып, бір аудан жұртын арзан өніммен қамтып отыр. Одан қалды Ақтау қаласына да тасымалданады. Қызанақтар түрік технологиясымен егілген.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Бұл жылыжайдың ерекшелігі-аумағы өте үлкен. Өнім 1 гектар жерге егілген. Мысалы, мына қатардың ұзындығы 82 метр. Мұнда 360 тан астам түп отырғызылған. Осының өзінен 1 тоннаға жуық өнім жиналуда. Ал жылыжайда осындай 53 қатар бар.

Жылыжай - былтыр ашылған. Мақсат - ауыл халқын жұмыспен және арзан өніммен қамту. Қазір мұнда 12 адам нәпақа тауып жүр. Солардың бірі-Раушан Қалымбетова. Екі қолға бір күрек таппай үйде отырған әйел, бүгінде жылыжайдың жұмысын толық меңгерген.

Раушан Қалымбетова, жылыжай бригадирі:

Көп еңбектер сіңірдік. Көп нәрсені үйрендік. Аулымызда осындай ашылып жатқанына қуаныштымыз. Қуанып жатырмыз, көптеген жұмысшыларды осы жерге алды. көптеген қыз-келіншектер үйде отырған солардың бәрі жұмысқа кіріп, қазір табыс тауып қуанып жатырмыз. Халық та осы жердің өнімін жеп, үлкен рахметін айтып жатыр.

Жылыжайда тамшылата суару әдісімен қызынақтың 4 түрі өсіріледі. Өнімнің сапасын арттыру үшін, оларға минералдар қосылады. Жыл басынан бері 50 тоннаға жуық қызанақ жиналған. Ал, өнімнің көптігі - нарықтағы бағаның тұрақтауына ықпал етті.

Амангүл Ұзақбаева, жылыжай әкімшісі:

Тек қана қызанақ емес, басқа да өнімдерді өсіргіміз келеді қазіргі таңда. Ал қызанақты аудан орталығынан одан қалса, облыстың барлығынан артылған жағдайда импортқа, экспортқа шыққымыз келеді. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама арқылы келесі жылға субсидия алуға жұмыстанамыз.

Жылыжай кәсібі өзінің тиімділігін көрсеткен. Нәтиже ойлағаннан да жоғары дейді бағбандар. Сондықтан алдағы уақытта аумағын үлкейтіп, өнімді түрлендіру жоспарда.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу