Президент Алматы облысының әкімін қабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Алматы облысының әкімін қабылады

22.06.2022

Президент Алматы облысының әкімін қабылады. Аймақ тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты шаралар қабылдау маңызды екенін айтты. Алматы облысы мен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына өзгерістер енгізілмек. Президент жаңа әкімге үш ауысымдық мектеп, медицина және қоғамдық көлік мәселелерін шешуге қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

Үкіметпен бірлесіп көп мына ирригация бойынша және инфрақұрылымдық жұмыстарды жасауға бағытталған тапсырмалар болды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу