Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз болып қалды. Салдарынан, педагогтар айлығын, еңбек демалысының ақысы мен емделу өтемақысын ала алмай жүр. Қаражат тапшылығы мамандардың бюджетті жоспарлауға салғырт қарауынан туындаған. Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская Асхат Аймағамбетовтің атына сауал жолдады. Ұстаздардың бір бөлігі мамыр айының жалақысын толық алмаған. 1-маусымда 300 мыңға жуық мұғалім жазғы еңбек демалысына шықты. Бірақ әлі күнге дейін тиісті ақшалары қолына тимепті. Депутат министрден мәселені кешіктірмей шешуді сұрады.
Берік Көшербай