Жол құрылысы: “Атырау-Астрахань” автомагистралі биыл тапсырылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол құрылысы: “Атырау-Астрахань” автомагистралі биыл тапсырылмайды

22.06.2022

Ел үшін маңызды Атырау-Астрахань автомагисталінің құрылысы биыл тапсырылмайтын болды. Жобаның мерзімінен кешігуіне жауаптылардың салғырттығы себеп. Қазір 277 шақырымдық күрежолдың тек 60 шақырымы ғана пайдалануға берілген. Мәжіліс Депутаты Сәлімжан Нақпаев жұмысты жүйелі ұйымдастыра алмай отырған министрлікті сынға алып, Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына сауал жолдады. Оның сөзінше жол салу қарқыны өте баяу. Бұл халықтың наразылығын тудырып отыр. Оның үстіне тозығы жеткен жолдың кесірінен көліктер де жиі апатқа ұшырапйды. Депутат құрылысты аяқтау үшін жол картасын жасақтауды ұсынды. Құны 84,7 млрд теңге тұратын жоба келер жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сәлімжан Нақпаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жол құрылысына өзіңіздің баруыңыз және жеке бақылауыңызға алуыңыз қажет. Осы орайда, біріншіден «Атырау-Астрахань» тас жолының құрылысын аяқтау үшін әрбір жол учаскелеріне арналған әрқадамдық жол картасын жасақтау, екіншіден, осы жобаның барысы жөнінде арнайы жиналыс ұйымдастып, онда жол құрылысында болып жатырған қиындықтарды ашық айту қажет.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу