Елімізде геодезиялық координаталар жүйесі жаңарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде геодезиялық координаталар жүйесі жаңарады

22.06.2022

Елімізде геодезиялық координаталар жүйесі жаңарады. Себебі біз қазір 1942 жылғы жүйемен жұмыс істеп жүрміз. Бүгін Мәжілісте геодезия және картографияның жағдайы талқыланып, тиісті заң жобасы қаралды. Қолданыстағы «Геодезия және картография туралы» Заң 20 жыл бұрын қабылданған. Одан бері цифрлық технологиялар мен спутниктік жабдықтар пайда болды. Кеңістік деректердің дәлдігіне, өлшеу тиімділігіне және қол жетімділігіне деген талаптар өсті. Геодезия және картография саласының жағдайы мемлекеттегі кадастр мен жер-мүлік қатынастарының сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, дәлдігі жоғары, қазіргі заман талабына сай геодезиялық координаталар жүйесі керек. Бұл ретте ұлттық кеңістіктік деректер қорын да құру көзделіп отыр.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Аталған жоба кеңістік деректерін унификациялауға, дамытуға және актуалды күйде ұстап тұруға, сондай-ақ бытыраңқы кадастрлар мен ақпараттық жүйелерді бір ақпараттық кеңістікке интеграциялауға мүмкіндік береді. Осылайша, жергілікті жерде жаңадан пайда болған нысан, мейлі ол үй, жол, көпір болсын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рәсімдерінен өту кезінде картада пайда болады және оны жаңартып отырады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу