Шығыс Қазақстанда 800 гектардан астам аумақ жанып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 800 гектардан астам аумақ жанып кеткен

23.06.2022

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 74 орман өрті тіркелді.

Жанып кеткен орманды алқаптардың жалпы көлемі 800 гектардан асады. Орман өрттерінің 60 пайызы найзағай түсу салдарынан, қалғаны тұрғындардың отты дұрыс пайдаланбауынан болған.

Қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тұтануды бастапқы кезеңде анықтау үшін, тікұшақ және космо мониторингті пайдаланады. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейтіп, тұрғындарды абай болуға шақыруда.


Хабарламаларға жазылу