ЕҚЫҰ Қазақстанда адам құқықтары мәселелерін жетілдіруге қолдау білдіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚЫҰ Қазақстанда адам құқықтары мәселелерін жетілдіруге қолдау білдіреді

23.06.2022

Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда адам құқықтары мәселелерін жетілдіруге қолдау танытпақ. Бүгін елге арнайы келген Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Маттео Мекаччи мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар үш негізгі бағытқа басымдық бермек. Алдымен білім саласына қатысты арнайы жобалар әзірленбек. Түрлі шетелдік сарапшыларды шақыра отырып, сараптама жасау және тиімді бағдарламаларды іс жүзінде жүзеге асыру мақсаты тұр.

Маттео Мекаччи, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры:

Ең алдымен құқықтық инстиуттардың қызметін жетілдіру, әлеуметтік әлсіз топтардың құқын қорғау мәселесі, белсенді платформа құру сияқты жоспарларымыз бар. Мамандарды оқыту бойынша біраз жұмыстар жүргізілмек. Жуырда елдеріңізде өткен, референдум – өте маңызды шара. Ол елде адам құқықтары мәселелерін жетілдіруге, конститутциялық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырыуға мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу