Елімізде соңғы 2 жылда интернеттегі алаяқтық 10 есеге өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде соңғы 2 жылда интернеттегі алаяқтық 10 есеге өскен

23.06.2022

Елімізде соңғы 2 жылда интернеттегі алаяқтық 10 есеге өскен. Мысалы, жыл басынан бері киберқылмыс пен кибербуллингке қатысты 8000 мың дерек тіркелген. Бұл көрсеткіш ай санап өсуде. Сондықтан киберполицейлерді даярлау қолға алынды. Бұл мамандықтың ерекшелігі неде? Вируталды алаяқтықпен күресу тәсілі қандай?

Жастайынан кибербуллинге тап болғандардың бірі - Жадыра. Оны мектепте оқып жүргенде сыныптастары дене бітіміне байланысты келеке қылған. Бойжеткен әлі күнге сол қорқыныштан арыла алмай келеді.

Жадыра:

Мені видеоға түсіріп алатын үнемі. Бір-біріне тарататын. Бұған ата-анам өткінші құбылыс деп қарайтын. Ешкімге айта алмадым бұл туралы. Психолог тарапынан да көмек көрсетілген жоқ. Біз ол кезде тіпті полицияға да жүгінуге болатынын білген жоқпыз.

Мұндай жағдайда ең бірінші кезекте құқық қорғау органдарына жүгінген дұрыс. Осындай қылмыстардың алдын алу үшін Алматыдағы полиция академиясында киберполицей мамандары даярланып жатыр. Солардың бірі - Абылай Ахметов. Оның сөзінше, киберқылмысқа қарсы күресетін қызметкерлердің жұмысы басқаларынан ерекшеленеді.

Абылай Ахметов, киберполицей:

Киберқылмыстың түрі көп. Olx сайтында белгіл бір тауарды сатып аламын деп алдайтындар бар. Интернет желісі, инстаграм, вконтакте қосымшаларында танысы болып жазып, қарызға ақша сұрайды. Көбінесе халық бізде сондайға алданып қалады. 05:48 Бұл жолда ең қиыны халықты ақпараттандыру. Халыққа жолдамалар береміз, интернет желілері арқылы, аялдамаларға ескертулер ілеміз. Сонда да халық алданып қалып жатады.

Киберполицей - қауіпсіздік пен құпиялылық қажет етілетін жауапты мамандық. Сондықтан Абылай жұмыс істеу тәсілін ашып айтпады.

Соңғы жылдары елімізде киберқылмыс 10 есе өскен. Мәселен, 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде 100-ден астам суицид тіркеліп, осыншама жаспөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Сондай-ақ былтыр әлеуметтік желілерде 140 мың кибербуллинг пен экстризм, 21 мың интернет алаяқтық дерегі тіркелген. Ал, жыл басынан 8000-нан астам киберқылмыс анықталған.

Заңгерлердің сөзінше, егер сізге қатысты жалған ақпарат таратылып немесе жеке өміріңізге қол сұғылса, қорлайтын бейнетаспалар жарияланса мұндай жағдайда үндемей отыруға болмайды.

Кәмшат Шинтекова, заңгер:

Кибербуллингтің құрбаны болар болсаңыз, бірінші кезекте ол парақшаны скриндеу керек. Видеоға түсіру керек. Сосын заңгерге барып, көрсету керек. Соны дәлелдеме арқылы полицияға жүгінуі керек.

Кибербуллинг жасағандар ҚК 274 және 131 бабы бойынша жазаға тартылып, үлкен көлемде айыппұл арқалауы мүмкін немесе 1 жалға бас бостандығынан айрылады. Заң қатал, десе де, аталған бағыттағы қылмыс саны азаяр емес. Сондықтан да жыл санап осы бағытта жұмыс істейтін мамандар қатарын арттыру көзделген. Қазірдің өзінде республика бойынша 200-ден астам киберполицей қылмыспен күресіп жүр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу