Ақтөбе қаласы: Оңай олжа таппақ болғандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе қаласы: Оңай олжа таппақ болғандар сотталды

23.06.2022

Ақтөбеде қаржылық пирамида құрып, оңай олжаға кенелмек болғандарға сот үкімі шықты. Бұл іске қатысты екі жыл бұрын Ресейдің екі азаматы қамауға алынған еді. Жүздеген тұрғын «Голд Компани ЛТД» деп аталған қаржы ұйымының арбауына түсіп, миллиондаған қаржысынан қағылған. Сот материалдарына сәйкес, айыпталушылардың 2019-ыншы жылдың желтоқсаны мен 2020-сыншы жылдың 7-інші ақпаны аралығында Ақтөбе, Жаңаөзен, Ақтау,Шымкент және Атырау тұрғындарынан 10 миллиард, 45 миллион 900 мың теңге жинап алғаны анықталды. Жәбірленушілерге әлі күнге дейін оның 2 жарым миллиарды қайтарылмаған. Сот үкіміне сәйкес, қаржы пирамидасын құрғаны үшін үш адамға жаза кесілді. Олар өз кінәларын ішінара мойындады.

Гүлжанар Отарбаева, Облыстық соттың баспасөз хатшысы:

Ақтөбе қаласы нөмірі екінші сотымен Литвиненко, Матвин және Қазыбаевқа қатысты «Қаржы пирамидасын құру және басшылық ету» айыбы бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен соталушылар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Литвиненкоға 12 жыл, Москвинге 9 жыл, Қазыбаевқа 6 жыл баст юостандығынан айрылу жазасы тағайындалды. Сонымен барлық соталушылар жеті жыл коммерциялық және қаржылық ұйымдарда басшылық қызметтерде жасау құқықтарынан айрылды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу