Павлодар облысы: 600-ден астам сиыр ауруға шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы: 600-ден астам сиыр ауруға шалдыққан

23.06.2022

Павлодар облысы, Май ауданында ірі қарадан «аусыл» шықты деген мәлімет расталмады. Алайда, мамандар 633 сиырдың этиологиясы белгісіз ауруға шалдыққанын, бірер күннен соң 581-інің індеттен айыққанын айтты. Қазір облыс орталығынан ауданға 62 мыңнан астам вакцина әкелініп, 44 мыңнан астам сиырдың жартысынан көбіне екпе салынды. Ауырған малдан алынған сараптама қорытындысы бірер күнде белгілі болады.

Ағыбай Әмірин, Май ауданының әкімі:

Аусыл, яғни, ящурь деп айтуға болмайды. Оны біз баяғыдан білеміз. Егер де аусыл мен ауырған мал болатын болса ол міндетті түрде, соңында ем алуға жарамай өледі. Аудан бойынша ауырған малдар арасында өлгендер фактісі жоқ. Оны мен ашық айта аламын.

Болат Аманбаев  

Хабарламаларға жазылу