Доллар күрт қымбаттады. Қазақстан қор биржасында АҚШ валютасы бірден 10 теңге 45 тиынға шарықтап, 465 теңгеге теңесті. Ұлттық банк өкілдері Америка бағалы қағаздарының саудасы, ақша құнының өсуі дамушы елдердің валютасына қысым көрсеткенін айтады. Ал елде ірі компанияларға дивиденд төлеу теңгенің әлсіреуіне себеп болғанын жеткізді. Қазір еуро 490, рубль 7 теңге 77 тиын шамасында.