Елімізде тұңғыш рет опера және балет жұлдыздары қатысатын халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің ашылуы өтті.
Әлем мәдениетін тоғыстыратын шараға Италия, Франция, Ресей, Қытай, АҚШ елдерінің өнер майталмандары қатысады.
Мәдени шараның шымылдығын Италияның «Ла Скала» театры «Тоска» түпнұсқалық қойылымымен ашты.
Фестиваль 20 күнге созылады.
20 қыркүйек күні отандық өнер иелері фестивальге атақты «Біржан-Сара» спектаклін ұсынбақ.
Айғаным АЛИПОВА