Қордай ауданында сел жүрді: мал шығыны бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордай ауданында сел жүрді: мал шығыны бар

24.06.2022

Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Үлкен Сұлутөр ауылын ұзақ жауған бұршақ пен нөсер жаңбырдан соң, тау суы шайып кеткен.

Бір сағаттан аса жауған бұршақ пен жаңбыр суы жиналып, таудың етегіндегі Үлкен Сұлутөр ауылына ағып келген. Ағысы қатты лай су екі мыңнан аса тұрғыны бар елдімекеннің басты көшесімен аққандықтан, онда көліктердің жүруі қиындаған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 шаруашылық ғимараты зақымданып, 3 үйдің ішін су басқан. 1 үйдің газ құбырлары қираған.

Бұдан бөлек, ағысы қатты болған ағын судан малдар мен тауықтар қырылған. Қазір оның нақты есебі анықталуда. Ең бастысы зардап шеккен азаматтар жоқ.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу