Донбасста шайқас жалғасып жатыр.
Соңғы мәліметке қарағанда, Ресей армиясы Лисичанск қаласына оңтүстіктен жақындап қалған. Сонымен қатар Северодонецк қаласын да толық алуға әрекет жасап жатыр. Бұл екі қала – Мәскеудің бақылауына өтпеген Луганск облысындағы соңғы территориялар.
Украина жауынгерлері қарсылықты жалғастырып жатыр. Дегенмен АҚШ-тың соғысты зерттеу институтының мәліметінше, алдағы бірнеше аптада Ресейдің Донбасстағы шабуылы тұралай бастайды.
Осындай шақта АҚШ Украинаға тағы 450 миллион доллардың көмегін жіберетінін жариялады. Бұл қауіпсіздік пакетіне алыс қашықтыққа арналған 4 зымыран жүйесі, 36 000 артиллериялық снаряд, жағалау катерлері мен зеңбіректер кіреді.