Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына қатысты. Президент қатысушыларға ілтипат білдіріп, маңызды іс-шараға шақырғаны үшін Қытай басшысына ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзі бұрын-соңды болмаған геосаяси және экономикалық тұрақсыздықпен бетпе-бет келіп отырғанын айтты. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің қиындап кеткеніне мән берді. Сондай-ақ әлем бойынша инфляцияның қарқынды өсуі шешімін қажет ететін тағы бір өзекті міндет екенін атап өтті.
Асылбек Данияр