2025 жылға дейін елімізде 234 отбасыны қолдау орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылға дейін елімізде 234 отбасыны қолдау орталығы ашылады

24.06.2022

2025 жылға дейін елімізде 234 отбасыны қолдау орталығы ашылады. Жоспар бойынша, оның 45-і осы жылдың соңына дейін жұмыс істей бастайды.Қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға осы жерде уақытша тұруға да болады. Бұл туралы «Amanat» партиясының отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Өткен жылы елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 1 мыңнан астам қылмыстық және 53 мыңдай әкімшілік іс тіркелген. Сондықтан бұл орталықтар аудандарда ашылады. Жоспар бойынша психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді.Орталық мамандары ауылдарға шығып, көмекке мұқтаж отбасыларға жан-жақты жәрдем береді

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенті жанындағы отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:

Біздің ашайын деп отырған, Президент айтқан орталықтар, ерекше. Ол жерде, керек болса халықың үйіне барып, сол мәселе түбегейлі шешілгенше соның жанында жүру керек. «Кейс-менеджмент», - дейді, шетелдің тәжірибесінде. Сол отбасының проблемасы түбегейлі шешілгенше орталық сол отбасыны қалдырмау керек.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу