Қарағанды облысында Балқантау баурайындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр. Тілсіз жаумен кеүреске 3 бірдей тікұшақ тартылған. От шарпыған аумақ 1100 гектарға жуықтайды. Таулы-жартасты жер бедері, жақын маңда су көздерінің болмауы мен күшті жел, жалынды өршітіп жіберген. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, полицейлер мен орман шаруашылығы кәсіпорнының мамандары келді. Барлығы 230-дан аса адам және 45 техника жұмыс істеп жатыр.
Ерлан Құсайын, Қарқаралы ауданының әкімі:
Қоздап жатқан, жел тұрса өршіп кетуі ықтимал өрт ошақтары бар әлі де болса. 3-4 ошақ. Сондықтан біз әлі толықтай локализация бере алмаймыз. Дегенмен жағдай тұрақты, маңайдағы елді мекендерге қауіп жоқ. Жұмыстар жалғасуда.
Руслан Нұрланұлы