Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

25.06.2022

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды.

«Алматы қаласы тергеу сотының 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды» деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 22 маусым күні шекара қызметінің бұрынғы басшылары «Билікті асыра пайдалану» фактісі бойынша ұсталған еді.


Хабарламаларға жазылу