Үндістанда су тасқыны салдарынан 5 миллион адам үйлерін тастап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда су тасқыны салдарынан 5 миллион адам үйлерін тастап кетті

25.06.2022

Үндістанның Ассам штатында алапат тасқын жалғасып жатыр. Мұнда ауылдар мен қалалардың көбі судың ортасында қалған. Соңғы мәліметке қарағанда, 5 миллиондай адам үйлерін тастап кетті.

Жергілікті билік шалғайдағы елді мекендерге азық-түлік пен өзге де заттар жеткізу үшін, әуе күштерінің тікұшақтарын пайдаланып жатыр. Муссон жауындары Оңтүстік Азияда маусым айында басталып, қазанға дейін жалғасады. Осы кезеңде өзендер арнасынан тасып, талай аумақты тасқын шайып, миллиондаған адам зардап шегеді.

Мохаммад Раджакул Әли, Ассам штатының тұрғыны:

Көп қиындықтарға тап болып отырмыз. Судың бірінші толқыны үйімді толығымен зақымдады. Екінші толқыны жеткеннен кейін, өздеріңіз көріп отырғандай, осындай шағын жерде тұруға мәжбүрміз. Ішетін су жоқ. Бәрі бітті, электр жарығы да жоқ, тағам да дұрыс берілмейді.


Хабарламаларға жазылу