Ақмола облысында жел 3 мектептің шатырын ұшырып кетті.
Оқиға демалыс күндері Біржан сал және Бұланды аудандарында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, білім ордаларынан бөлек, 38 жеке тұрғын үйлердің шатырлары зақымданған. Бірқатар елді-мекендерде электр бағандары құлады.
Қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп, шығындар есептеліп жатыр. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.