Түркістан облысында суға кеткен үндістандық студенттер әлі табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында суға кеткен үндістандық студенттер әлі табылмады

27.06.2022

Түркістан облысында екі шетелдік азамат суға батып кетті.

Оқыс оқиға кеше Төлеби ауданындағы Ханарық ауылынан 5 шақырым жердегі Ақсу шатқалында болған. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері табиғатта серуендеп жүргенде 21 жастағы екі азамат Ақсу өзеніне түсіп кетеді. Куәгерлердің айтуынша, олар шомылу үшін суға түскен сәтте ұйық тартып кеткен. Жанындағылар көмекке құтқару қызметін шақыртқан. Қазір екі студенттің денесін іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге нәтижесіз.   

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарының нәтижелі болуына коньондағы шатқалдар және тік құздардың болуы қиындықтар туындатуда.

Хабарламаларға жазылу