Маңғыстау облысында «Бір ауыл. Бір өнім» деп аталатын ерекше әлеуметтік жоба басталды. Оған Құрық ауылындағы 30 ға жуық жұмыссыз әйел қатысып жатыр. Арасында көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Олар жүннен түрлі бұйымдар жасап, ауылдың атынан сатылымға шығармақ.
Бұған дейін де ауыл әйелдері жүнді өңдеп, кәдесый жасап жүрген. Ал бұл жолы өнімдер ел аумағында сатылып, шет елдерге де экспортталады. Нәтижесінде жобаға қатысушылар тұрақты табыс табады. Жоба еліміз бойынша 4 өңірде жүзеге асуда.
Гүлбаршын Манашова, Құрық ауылының тұрғыны:
Ауылымызда осылай ашылып жатқанына қуаныштымыз. Алдағы уақытта әртүрлі қолөнер жасап, оны әрі қарай дамыта бергіміз келеді. Қазақтың қолөнері ұмытылмасын деп осыны ары қарай ұрпақтарымыз жалғастыра берсін.
Cәуле Cалихова, Маңғыстау облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:
Өртеп жатырмыз жүнді ауылдарда. Оны жинап жатқан адам жоқ өйткені, сұраныс жоқ. Ал ол жүн былай айтқанда жердің аяғымыздың астында жатқан - алтын. Өйткені, бұл -эко материал.осы жүннен біз эко ойыншытар жасағымыз келеді. Эко тәпішкелер жасағымыз келеді, эко сөмкелер жасағымыз келеді.