«Арселор Миттал Теміртау»: Мерт болған жұмысшылардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арселор Миттал Теміртау»: Мерт болған жұмысшылардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілді

27.06.2022

Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинатта мерт болған жұмысшылардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілді. Ұжымдық келісім-шарт негізінде оларға 10 жылдық жалақысы төленді. Бұл туралы компанияның бас директоры Биджу Наир мәлімдеді. Сондай-ақ марқұмдардың банк алдындағы берешегін өтеп, балаларының оқу ақысын төлеуді де компания өз мойнына алып отыр. Ал баспанасы жоқ жанұяларға Қарағанды аумағынан пәтер алып беруге және қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектеспек. Асыраушысынан айрылып, табыссыз қалғандар болса жұмысқа орналастыруға да жәрдемдеседі.

Биджу Наир, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының Бас директоры:

Мемлекеттік комиссия оқиға орнында жұмыс істеп жатқан кезде бізге қосымша тексеріс жүргізу мүмкін болмады. Енді ғана қолға алып жатырмыз. Өзіміздің ішкі тергеу жұмыстарын бастаймыз. Комиссияны өзім басқарамын. Болған жағдайдан сабақ алып, мәселені толықтай анықтауымыз керек.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу